object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 10:24:28.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«МЕНІ ҚОРШАҒАН ӘЛЕМ» ЭССЕ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы «Мені қоршаған әлем» атты эссе конкурсын өткізді. Байқауға Қостанай облысы және еліміздің басқа да облыстарынан мектеп оқушылары қатысты.

Байқау шығармашылық ойлауды ынталандыру, білім алушылардың тілдік және жазбаша дағдыларын дамыту, талапкерлерге кәсіби бағдар беру мақсатында ұйымдастырылды.

Байқауға қатысушылар арасында көптеген лайықты жұмыстар болды. Көпті жарып, жеңімпаз атанған – А.Горький атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Айбек Қасымбек. Айбектің жазба жұмысын қазылар алқасы тақырыпты терең талдағаны, оны ашудағы креативтілігі, мәселеге жаңа көзқарасы және өз идеяларын анық жеткізе білгені үшін жоғары бағалады.

Кафедра қабырғасында өткен салтанатты марапаттау рәсімінде Айбекке бірінші дәрежелі диплом және ақшалай сыйлық («Технодом» СҮ-не құны жиырма мың теңге тұратын сертификат) табысталды.

Айта кету керек, Айбек Қостанай өңірлік университетіне оқуға түсуді жоспарлап отыр, болашақта журналист болуды армандайды.

Екінші орынға Ақтөбе қаласының №5 жалпы білім беретін орта мектеп оқушысы Ариана Жұбантаева ие болды. Үшінші орынды да Ақтөбе қаласының Ұ.Құлымбетов атындағы № 64 орта мектебінің оқушысы Айгерім Барлық қанжығасына байлады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Қабылдау комиссиясы