Baitursynuly University ректоры Сейітбек ҚУАНЫШБАЕВ Қостанай гарнизонының әскери прокуроры Ермек ЕЛМҰХАМБЕТОВПЕН меморандумға қол қойды.
Келісімнің мақсаты – білім беру, кәсіптік және қоғамдық салалардағы ынтымақтастық. ⠀
Естеріңізге сала кетейік, Қостанай өңірлік университетінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы өңірдегі жалғыз әскери кафедра.
Меморандум аясында оның студенттері Қостанай гарнизонының әскери бөлімдеріне барып, әскери қызмет өткеру шарттарымен танысатын болады. ⠀
Әскери прокуратура өкілдері ҚӨУ өтетін ғылыми-практикалық конференцияларға және дөңгелек үстелдерге қатысады, сондай-ақ кәсіби деңгейін арттыру мақсатында біліктіліктерін арттыра алады.