object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-26 06:21:57.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Мемлекеттік тілдің рөлі

Бүгін А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің конференция залында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында қарастырылған «Мемлекеттік тілдің рөлін күшейту және оны қолдану аясын, әсіресе ғылым мен білім беру саласында одан әрі кеңейту мүмкіндігін қарастыру» мәселесі бойынша хаттамалық тапсырманы орындау мақсатында жиын өтті.

Шараға А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің профессор-оқытушылар құрамы және арнайы шақырылған қонақтар Қостанай облыстық мәдениет басқармасының бөлім жетекшісі Жарасхан Наурызбаев, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының төрағасы Заңғар Санай, тілдерді дамыту және ономастикалық жұмыс бөлімінің бас маманы Әсемгүл Тұрымжанова қатысты.

Жиынға қатысушылар қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде одан әрі күшейту, қолдану аясын кеңейту үшін атқарылатын жұмыстарды талқылап, өз ойларын ортаға салды.

Қабылдау комиссиясы