«Мектептер мен мұғалімдер даярлайтын жоғары оқу орындарының білім беру тәжірибесіндегі инновациялардың тиімділігі» – бұл «Білім берудің перспективалары» бастамасы және Қостанай облысының білім беру мекемелерінің өзара әрекеті аясында өткізілген халықаралық форсайт-семинардың тақырыбы. Іс-шараны өткізу бастамасы Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институттың педагогика және психология кафедрасына, сондай-ақ Қостанай қаласының №1 мектеп-лицейіне тиесілі.
Семинарда академиялық шеберлік жағдайындағы инновациялық білім берудің келешегі талқыланды. Онлайн-кездесу барысында Ресей мен Қазақстан мектептерінің білім беру тәжірибесіне инновацияларды енгізу бойынша тәжірибе алмасу керектігі айтылды. Жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары мен оқытушылары білім беру практикасындағы инновациялық процестерді психологиялық тұрғыда қолданудың ерекшеліктерін ашып көрсетті.