object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 08:19:47.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Мектеп оқушылары университет мұражайларымен танысты

«Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектебінің оқушылары А.Байтұрсынұлының және археологиялық мұражайда болды.

Мұражайларға экскурсия өткізген Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқушылары. Кафедра оқытушылары – кафедра меңгерушісі Гүлмира Нурушева, қауымдастырылған профессорлар Айбек Шалғымбеков пен Андрей Логвин университеттің археологиялық мұражай-зертханасында сақтаулы тұрған археологиялық ескерткіштермен, жәдігерлермен таныстырды. Сонымен қатар мектеп оқушылары университетімізге есімі берілген қазақ ағартушысы, тіл жанашыры, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын-аудармашы, қоғам қайраткері және саяси публицист А.Байтұрсынұлының мұражайын тамашалады. Осылайша «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектебінің оқушылары туған өлкенің тарихына қатысты білімдерін толықтырып қайтты.

Кездесу ғылыми-әдістемелік көмек көрсету және кәсіптік бағдар беру мақсатында өтті.

Қабылдау комиссиясы