ҚӨУ-нің Жаратылыстану пәндері кафедрасының оқытушылары «Қостанай-Дарыны» Республикалық ғылыми-практикалық орталығымен ынтымақтастық туралы меморандум аясында Қостанай облысы мектептерінің мұғалімдеріне әдістемелік семинар өткізді. «География» әдістемелік секциясының модераторы – педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Гаухар Баубекова; «Биология» әдістемелік секциясының модераторы – жаратылыстану ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Аян Қожмұхаметова; «Химия» әдістемелік секциясы бойынша модератор – химия магистрі, аға оқытушы Максим Губенко.
Оқу семинарының бірінші кезеңі 5-7 қазан аралығында «Қостанай Дарыны» облыстық оқу-әдістемелік орталығының базасында өтті. Қатысушылар әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілді.
Семинардың мақсаты – география, биология, химия пәндері мұғалімдерінің олимпиада есептерін шешудегі кәсіби құзыреттілігін арттыру. Сондай-ақ тереңдетілген теориялық сұрақтар, сараланған практикалық тапсырмалар мен күрделілік деңгейі әртүрлі есептерді шешу қарастырылды.
Семинар барысында қатысушыларға өз тілектері мен ұсыныстарын жазу ұсынылды. Мұғалімдер семинардың мазмұнды, қызықты және пайдалы болғанын атап өтті.