object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 05:48:47.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Медиасауаттылыққа байланысты мектеп оқушылары мен колледж білім алушыларына арналған шеберлік-сабағы

Медиасауаттылық – заманауи білім берудегі маңызды аспектілердің бірі. Осы масақсатта журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының ұжымы екінші жыл қатарынан мектеп оқушылары мен колледж білім алушыларына арнап шеберлік сабақтарын өткізіп келеді. Кафедра оқытушылары, магистранттары мен студенттері қатысушылардың медиасауаттылығын арттыруда.

Медиауаттылық не үшін қажет, ақпаратты қалай тексеру керек, жеке мәліметтерді қалай сақтаймыз, видео және фото-материалдарды қалай рәсімдеп, оны өзгертеміз және уақытымызды қалай тиімді пайдаланамыз деген сұрақтар төңірегінде 2020 жылдың 24-25 қарашасында өткен шеберлік сабағында талқыланды. Онлайн-кездесуге Қостанай облысының 10 мектеп және бірнеше колледж білім алушылары ZOOM қосымшасы арқылы қатысты. Қатысушылар ұйымдастырушылардың жұмысына көңілі толып, алғыстарын білдірді.

Биыл шеберлік сабағына арнайы медиасауаттылық бойынша тренер Асанбаева Гүлнар Досқалиқызы шақырылып, ең үздік қатысушыларға алғаш рет Internews шығарған Қазақстандағы медиасауаттылық оқулығын табыстады. Олар - «Озат» ИИТОМЛ 9 сынып оқушысы Нұралы Абдрашев және ҚРУ шетел филологиясы мамандығының студенті Айнұр Тапаева.

Қабылдау комиссиясы