Журналист мамандығы жаңа технологиялармен және қоғамдық-саяси тенденциялармен тығыз байланысты, бұл бағыттардың өзгеруі бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби міндеттеріне үлкен әсер етеді.
«Барлығына арналған медиа сауаттылық» ғылыми үйірмесінің жұмысы шеңберінде «Журналистика» білім беру бағдарламасының студенттері Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының 25 жылдығына арналған мерекелік шара аясында «Жаңа медиа кеңістіктегі журналистердің міндеттері» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел қонақтары – кафедра түлектері: Андрей Скиба - «Наша газета» апталық газетінің корреспонденті, Кәмшат Қойшыбек - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің магистранты және жеке компанияда маркетолог болып жұмыс жасайтын 4 курс студенті Иван Харченко. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар негізгі үш мәселені талқылады: технологияның журналист кәсібіне әсері, медиа қызметінің құқықтық және этикалық аспектілері, сондай-ақ журналистің оқу орны мен тәлімгерлік.
Кездесу соңында бұқаралық ақпарат құралдарында журналиске қойылатын талаптар өзгеруі мүмкін және өзгеретініне қарамастан, негізгі міндеттер мен критерийлер өзгеріссіз қалады деген тұжырым жасалды. Ол міндеттер: дәл, шыншыл болу және жұмысты уақытында орындау.
Дөңгелек үстелдің бейнежазбасын «Не Журналисты» арнасында, төмендегі сілтеме бойынша өтіп көруге болады: