object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 21:55:10.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

МЕДИАСАУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША СЕМИНАР

Ө.Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институттың Педагогика және психология кафедрасы «Инновациялық панорама –2023» іс–шарасы аясыда «Медиабілім беру және медиасауаттылық: оқу үрдісінде» тақырыбында семинар өткізді. Шараны кафедраның қауымдастырылған профессоры м.а., PhD докторы Ақбидаш Абдиркенова жүргізді. Семинарға Педагогика және психология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Елімізде мектептер мен жоғары оқу орындарда оқушылар мен студенттерге медиабілім беру үдерісі бір жолға қойылып, ақпараттық технологияларды қолдануға кеңінен жол ашылуда. Семинарда медиа білім беру, медиа сауаттылық, медиа мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары сынды  ұғымдардың мәндері ашылды.

Оқытушылар тәжірибе алмасу мақсатында медиабілім беруде қолданылатын оңтайлы оқыту формаларын пайдалана отырып, оның оң тиімділігін атап көрсетті. Сонымен қатар медиамәтіндерді сыни талдаудың әдістері мен тәсілдері талқыланды.

Семинар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2022-2024 жылдарға арналған «Жас Ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған «Университетте медиабілім беру арқылы студенттердің медиасауаттылығын қалыптастырудың ғылыми негіздері» ғылыми жобасын іске асыру шеңберінде өткізілді.

Қабылдау комиссиясы