Облыстық полиция департаментінде баспасөз хатшысы қызметін атқарған, бүгінде департамент бастығының БАҚ-пен байланыс жөніндегі кеңесшісі, отставкадағы полковник Елена Кашарина болашақ журналистерге шеберлік сабағын өткізді.
Елена Валерьевна өзінің кәсіби жолы туралы, журналистика және PR саласындағы алғашқы қателіктері мен жеңістері туралы айтты. Сондай-ақ ол жылдар бойғы тәжірибесінің арқасында жинақталған мәтін жазу ережелерімен, жоғары білікті маман болуға көмектесетін лайфхактарымен бөлісті.
Елена Кашарина кафедра студенттеріне Қостанай облысы ІІД-де өндірістік тәжірибеден өту кезінде де көмектесуге дайын екенін айтты. «Департаменттегі жұмыс қарқынына ілесу оңай емес. Бірақ күндіз-түні жұмыс істеуден қорықпасаңыз, үйренуге, тәжірибені сіңіруге дайын болсаңыз, онда сіздің қолыңыздан келеді! Бізге қиындықтар мен кәсіби өсуге дайын студенттер қажет», - деді ол.