А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің 7М01101-Педагогика және психология білім беру бағдарламасының 2 жылдық магистранттары халықаралық ғылыми тағылымдаманы онлайн форматта Мәскеу облысындағы (Орехово-Зуево қ.) Мемлекеттік гуманитарлық-технологиялық университетте өтті.
Тағылымдама барысында ЖОО-ның жетекші оқытушыларының бейне-дәрістері тыңдалды.
«Лэпбукинг сабақтан тыс сабақтар өткізу кезінде материалды ұйымдастыру тәсілі ретінде», «Оқушылардың сыни ойлауын дамыту», «Ауыл мектебі жағдайында сапалы білім беру: жетістіктер, проблемалар, перспективалар» және «Педагог жұмысындағы медиативтік тәсіл» сияқты ғылыми жобалар, мастер-кластар, тренингтер мен практикумдар көрсетілді.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Педагогика және психология кафедрасының отырысы аясында магистранттардың ғылыми тағылымдамасы қорытындыланды, перспективалар талқыланды, сертификаттар берілді.
Психология және педагогика кафедрасы және 7м01101-Педагогика және психология білім беру бағдарламасының магистранттары педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Мемлекеттік гуманитарлық-технологиялық университетінің педагогика кафедрасының меңгерушісі Галина Скудареваға онлайн-тағылымдаманы ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді және одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеді.