object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 00:35:16.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Магистранттар Мәскеу ЖОО-да тағылымдамадан өтеді

15 ақпаннан бастап 7M01101 - Педагогика және психология білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары екі апта бойы серіктес оқу орны, Мәскеу облысының мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру мекемесі «Мемлекеттік гуманитарлық-технологиялық университетінің» базасында онлайн-форматта халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтеді.

Мәскеу университеті тарапынан ғылыми тағылымдаманың жетекшісі педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент, Ресей Федерациясының білім беру ісінің құрметті қызметкері Галина Скударева.

Тағылымдама аясында магистранттар университеттің жетекші оқытушыларының дәрістеріне, шеберлік сабақтарына, семинарларына қатысады, сонымен қатар оқу орны ғалымдарынан диссертация тақырыбы бойынша ғылыми кеңестер ала алады.

Сондай-ақ тағылымдама барысында психологиялық-педагогикалық бағыттағы мамандандырылған ғылыми орталықтар мен зертханаларға онлайн экскурсия жасау жоспарда бар.

Қабылдау комиссиясы