object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-20 00:49:52.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Маңызды ынтымақтастық

Маусым айында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы машина жасау саласындағы үкіметаралық келісім аясында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті мен Набережные Челны қаласының Қазан федералды университеті (ҚФУ) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Аталмыш келісімнің арқасында екі жақ қос дипломды білім беру бағдарламаларын (бакалавр, магистратура, докторантура) жүзеге асыра алады, профессорлық-оқытушылық құрам мен білім алушылардың біліктілігін арттыруға болады. Магистранттар мен докторанттар тағылымдамадан өту құқына ие бола алады. Сондай-ақ бұл – өзара тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми жобалар жүргізу және Қазақстанның машина жасау саласы кадрларын мақсатты даярлау үшін берілген үлкен мүмкіндік.

Қостанай облысының индустриялық аймағында "КамАЗ" ЖАҚ-тың екі жаңа зауыты салынып жатқаны белгілі. Оқу ордамыз олармен серіктестік орнатып, біліктілігі жоғары маман даярлауға кірісіп те кетті. Серіктестіктің алғашқы қадамдардың бірі - 2021 жылдың шілде-тамыз айларында техникалық мамандықтардың 3-4 курс студенттері, барлығы 30 студент Набережные челны қаласындағы "КамАЗ" ЖАҚ-та өндірістік тәжірибеден өтті.

"КамАЗ" компаниясының өкілдері Қостанайлық студенттердің барлық жағдайын жасады: Набережные Челны қаласына чартерлік рейспен тегін алып барды, күніне үш рет тегін тамақтандырды, зауыт аумағында жайлы қонақ үйге тегін орналастырып, демалыс күндері мәдени іс-шаралар, қала бойынша экскурсиялар ұйымдастырды. Сонымен қатар тәжірибеден өткен студенттерге ай сайын 150-200 мың теңге мөлшерінде жалақы төленді. Бүгін екі университеттің өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз-конференциясында студенттер алған әсерлерімен бөлісіп, берілген мүмкіндікке риза екендіктерін жеткізді.

 

 

Қабылдау комиссиясы