object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 11:39:24.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Мәдениет қайраткерлерінің есімі берілген аудитория ашылды

Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Өнер» кафедрасында ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Абай Әмірханов пен ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Назымбек Молдахметов атындағы аудитория ашылды. Аудитория аға буынның жолын қуған жас домбырашы-студенттердің өнерін шыңдау, қолдау мақсатында ашылып отыр. Бұл игі істің жүзеге асуына қаржылай көмектескен өнер иелерінің туыстары мен достары. Олар өмірі қыршыннан кеткен дарабоздардың есімдері есте қалса екен, өнер жолы жалғасса екен дейді. Алдағы уақытта Абай Әмірханов пен Назымбек Молдахметов атындағы арнайы конкурстар мен фестивальдар өткізуге ынталы екендерін де жеткізді. Аталмыш шараларды өткізуге көмек қолымызды аямаймыз дейді.

Әмірханов Абай Ғазизұлы – біздің облыста домбыра музыкасын насихаттаған алғашқы кәсіби музыканттардың бірі, бірнеше республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты. Ол «Музыкалық білім» мамандығының пайда болуына мұрындық болды, университетте 1991-2010 жылдар аралығында қызмет істеді. Абай Ғазизұлы кафедраның дамуына және музыка пәнінің мұғалімдерін даярлаудағы оқу процесінің жетілуіне үлкен үлес қосты. Қазіргі уақытта оның шәкірттері республикамыздың әр аймағында білім мен мәдениет саласында жемісті еңбек етіп, домбыра мектебінің дәстүрлерін табысты жалғастыруда.

Молдахметов Назымбек Молдабекұлы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты. 1993 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген жас маман Қостанай облыстық филармониясына жұмысқа жіберіледі. Сондай-ақ А.Байтұрсынов атындағы оқу ордасына домбыра сыныбының мұғалімі болып орналасады. 1994 жылы Молдахметов Н.М. кафедра студенттерінің арасынан іріктеп, оркестр ұйымдастырды, ол аймақтағы бірінші қазақ халық аспаптарының кәсіби оркестрі атанды. Студенттік оркестр аймақтағы түрлі іс-шаралардың көзайымы болды.

Қабылдау комиссиясы