object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 17:29:16.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«Ұлттың рухани ұстазы» байқауы

Бүгін П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында А.Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттың рухани ұстазы» атты ғылыми жұмыстар байқауына қатысқан мектеп оқушыларына дипломдар мен сертификаттарды табыстау рәсімі өтті. Ұйымдастырушылар: Ерден Ибраев, Гүлмира Нұрышева.

Абай атындағы Федоров мектебінің, Әулиекөл ауданының С.Баймағамбетов атындағы мектеп-гимназиясы мен Ш.Уәлиханов атындағы мектебінің, Құсмұрын ауылының №1 мектебінің оқушылары мен мұғалімдеріне дипломдар, қатысқаны үшін сертификаттар және алғыс хаттар табыс етілді. Кездесу соңында қонақтарға оқу орны туралы, университеттегі бар мамандықтар туралы бейнеролик көрсетілді, «6В02201 – Тарих» мамандығының студенттері мектеп оқушыларына студенттік өмір, оқуда, өнерде, спортта, ғылымда өзін жетілдіру, көрсету мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Одан кейін оқушыларға А.Байтұрсыновтың және ҚӨУ-нің мұражайларына, сондай-ақ археологиялық зертханаға экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара «Қазақстан-Қостанай» телестудиясында аяқталды, байқауға қатысушылар тікелей эфирде алдағы жоспарлары туралы айтып, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-не түсуге ниеттерін білдірді.

Хабар соңында Қостанай өңірлік университетінің доценті Серікжан Исмаилов «6В02201-Тарих» мамандығын одан әрі дамыту және жоспарланған ғылыми жобалар туралы айтты, сондай-ақ мектеп оқушыларын ғылыми жобаларға қатысуға шақырды.

Қабылдау комиссиясы