Биылғы оқу жылында алғаш рет «Сот және құқық қорғау қызметі» жаңа білім беру бағдарламасына студенттер қабылданды. Білім беру бағдарламасы құқық қорғау және сот органдарына қажетті жоғары білікті мамандар даярлайды. Мамандық жұмыс берушілердің сұранысы негізінде қалыптасты.
Оқудың алғашқы күнінен бастап студенттердің бойында кәсіби мәдениетті қалыптастыруға және ел алдындағы борышын адал орындауға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Жуырда Қылмыстық құқық және процесс кафедрасының аға оқытушылары Ермек Асқаров пен Абылай Тастанов 1-курс студенттерін ҰҚК-нің Қостанай облысы бойынша департаментінің мұражайына экскурсияға апарды.
Мұражайда білім алушылар мемлекеттік органдардың тарихымен, Қостанай облысының ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметінің ерекшеліктерімен, сондай-ақ мамандықтың көрнекті өкілдерінің өмір жолымен танысты.