object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 00:19:12.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытудың өзекті мәселелері

2021 жылдың 05 сәуірінде, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16.00-де Философия кафедрасы Қазақстан тарихы кафедрасымен бірге ZOOM платформасында «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытудың өзекті мәселелері: дәстүрлер және инновациялар» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізеді. Дөңгелек үстел жұмысының негізгі бағыттары:- курстардың әдістемелік қолдауын онлайн-оқыту форматына бейімдеу;- Қазақстан тарихы және философия кафедраларының оқу процесінде электрондық оқулықтарды қолдану;- әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытудағы жаңа тәсілдер.

Дөңгелек үстел жұмысына кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамы – философия докторы Колдыбаев С.А., философия кандидаты Бондаренко Ю.Я., гуманитарлық ғылымдар магистрі Ералина А.Е. қатысады.

Шетелдік қатысушылар: В.Н.Асочакова - Н.Ф. Катанов атындағы Хакас мемлекеттік университетінің Ресей тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы; Султанбаева К.И. – доцент, педагогика ғылымдарының докторы, Н.Ф.Катанов атындағы ХМУ Үздіксіз педагогикалық білім беру институтының мектепке дейінгі және арнайы білім беру кафедрасының профессоры; Мансурова В.В. – Н.Ф. Катанов атындағы Хакас мемлекеттік университетінің жалпы тарих кафедрасының аға оқытушысы.

ZOOM-ға қосылуға сілтеме: https://zoom.us/j/98638114125?pwd=cS8wK0k3TkhDeXkwbXdLRzlISFhUQT09

Конференцияның идентификаторы: 986 3811 4125

Кіру коды: 018301

Қабылдау комиссиясы