object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-02-25 16:03:29.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ERASMUS+ бағдарламасымен Литвадағы жаз айы

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ERASMUS+ «Management for Business Startup’s: 2025 Summer course» шетелде білім алу байқауының жеңімпазы анықталды! Baitursynuly University «Экономика» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Арина КРОУС жеңімпаз атанды.

Жазда Арина Витаутус Университетіне (Литва) аттанып, студенттерге арналған қарқынды бизнес-курстан өтеді. Бұл - кәсіпкерлік дағдыларды дамытып қана қоймай, баға жетпес халықаралық тәжірибе алуға мүмкіндік беретін ерекше бағдарлама.

- Витаутус Университетімен біздің оқу орнымыз арасында тығыз академиялық байланыс орнатылған: біз “Есеп және аудит” білім беру бағдарламасы бойынша қос дипломды бірлескен бағдарламаны жүзеге асырып келеміз, - деп атап өтті интернационалдандыру және академиялық ұтқырлық басқармасының басшысы Нагима МАНАСБАЕВА. - Аталған серіктестік аясында литвалық әріптестеріміз ERASMUS+ бағдарламасы бойынша жазғы мектепке қатысу үшін ҚӨУ студентіне бір грант бөлді.

Қатысушылар байқау негізінде іріктелді. Барлығы 8 студент өтініш берді. Тестілеу кезеңінде ең жоғары нәтиже көрсеткен Арина Кроус жеңімпаз атанды.
Жеңімпазды құттықтаймыз! Осы қарқыннан таймай, биік белестерді бағындыра беріңіз!

Қабылдау комиссиясы