Baitursynuly University студенті академиялық ұтқырлық аясында Литвада оқып жүр.
Арина Кроус ҚӨУ-нің Экономика және құқық факультеті «6В04101 Экономика» оқу бағдарламасының 3-курсында оқиды.
Студент Ұлы Витаутас университетінің (Литва) Биоэкономиканы дамыту факультетіндегі «Бизнес-стартап: жазғы курс-2025» Erasmus BIP бойынша қысқа мерзімдік ұтқырлыққа қатысқан.
Жобада аралас оқу қарастырылды. Маусым айының басында Арина онлайн-форматта оқыды, ал қазір тікелей Ұлы Витаутас университетінде білім алып жүр.
Нәтижесінде ол студенттік стартаптарды іске асыруда алған дағдыларын пайдалану мүмкіндігімен «Стартап жобалар менеджменті» курсы бойынша сертификат алады.
Erasmus жобасы шеңберінде біздің ғалымдар Литвада ғылыми стажировкадан өтеді, студенттер академиялық ұтқырлық бойынша оқиды
ҚӨУ Экономика және құқық факультетінің деканы Айдар Байкин «Жас ғалым» жобасын жүзеге асырып келеді. Оның ғылыми кеңесшісі –экономика ғылымдарының докторы, Ұлы Витаустас университетінің профессоры Влада Витунскене.
Абитуриенттер үшін ескеретін жағдай – ҚӨУ осы литвалық университетпен «6В10403 Есеп және аудит» білім бағдарламасы бойынша қос диплом бағдарламасын жемісті жүргізіп келеді. Биыл алғашқы түлектер бітіреді!!!
Сен де бірден қос диплом алатын табысты түлек боласың. Егер ҚӨУ-ке түссең, әрине.