Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институттың «География» ББ-ның бірінші курс студенттері Қостанай қаласының №27 мектебінде қазақ және орыс тілінде оқитын 7-сынып оқушыларына арналған «Әлем айналасында» атты қызықты зияткерлік ойын-викторинасын өткізді. Іс-шара ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 123 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Ойын-викторинасы география пәніне, атап айтқанда өлкетануға деген қызығушылықты арттыруға және ой-өрісін кеңейтуге бағытталды.
«Әлем айналасында» зияткерлік ойын-викторинасы төрт кезеңнен тұрды, оның барысында 7-сынып топтары географиялық блиц-сауалнамаға қатысты, картографиялық материалдармен жұмыс істеді, геология, геоморфология, жалпы жертану саласында үздік білімдерін көрсетті. Викторина соңында топтар мен ерекше белсенді көрермендерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Өткізілген ойын-викторина қорытындысы бойынша қатысушыларға жүлделі орындар бойынша мадақтамалар берілді.
Ойын аяқталғаннан кейін студенттер мен оқушылар өз пікірлерімен, әсерлерімен алмасты.
0