object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-22 22:50:22.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ТҮРКИЯЛЫҚ ҒАЛЫМ ДӘРІС ОҚЫДЫ

Белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, Мимар Синан атындағы Өнер университетінің профессоры (Түркия, Стамбул) Әбдіуақап Қара Қостанай өңірлік университетінің студенттері үшін «Түркістан үшін от кешкен ұлы күрескер – Мұстафа Шоқай» тақырыбында онлайн дәріс өткізді. Дәріске П. Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары мен 6В02201-Тарих білім беру бағдарламасының студенттері қатысты.

Дәріс барысында Әбдіуақап Қара Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қызметі туралы жаңа деректермен және мұрағаттық құжаттармен бөлісіп, оның жалпы түркі әлеміндегі орнын ашты. Дәріс жоғары деңгейде өтті, оқытушылар мен студенттер Мұстафа Шоқайдың өмірі туралы тарихи оқиғаларға қызығушылық танытты. Студенттер сұрақтар қойып, кафедра оқытушылары пікірлерімен бөлісті.

1987-1988 жылдары Әбдіуақап Қара өзінің ғылыми қызметін Осман мұрағатында бастаған. Мюнхенде жұмыс істеген кезінде (1988-1995) «Азаттық» радиосының редакторы болған. 1995 жылы ол Түркияға оралып, зерттеулерін жалғастырды. 2002 жылы А. Қара докторлық диссертациясын қорғады.

Профессор Әбдіуақап Қара ең беделді шетелдік «шоқайтанушылардың» бірі болып саналады.

Қабылдау комиссиясы