object(DateTime)#1038 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-02-05 16:57:40.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Жаңа форматтағы дәріс

Baitursynuly University-нің тарихшы студенттері орта ғасырларға қызықты саяхат жасады.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Акмарал Ералина өткізген ашық дәрісте олар тарихи деректерді оқып, талдау жұмысына машықтанды.

«Ерте және дамыған ортағасырлық деректер» тақырыбындағы сабақ әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің инновациялар айлығы аясында өтті. Дәріс материалды проблемалық және көрнекі түрде, ғылыми, жүйелі әрі дәлелді ұсыну принциптеріне негізделді, сондай-ақ логика мен оқытушының шығармашылық импровизациясы үйлестірілді.

Жазба деректерді зерттеу «Тарих» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне орта ғасыр әлеміне терең үңіліп, оның мәдениеті, діні, саясаты мен әлеуметтік өмірімен танысуға мүмкіндік берді. Оқытушы студенттердің пәннің жалпы құрылымын және оның басқа ғылымдармен байланысын түсінуіне, ортағасырлық жазба деректерді тәжірибелік тұрғыдан талдау дағдыларын қалыптастыруына, сондай-ақ тарихи зерттеулердің сапасын бағалау қабілетін дамытуына ерекше назар аударды.

Қабылдау комиссиясы