object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-12 23:24:21.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Оқу және әлемді тану

Өткен оқу жылында Baitursynuly University студенттері Әлия Сыздық пен Сабина Қабдыева Литвада оқыды. Елге өз профилі бойынша жаңаша білім алып, ағылшын тілін жетік меңгеріп, көптеген жағымды эмоцияларға толы оралды.

Қос диплом бағдарламасы студенттерге осындай мүмкіндік берді. Алдағы жылы олар  тек Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ дипломымен қоса, Литвадағы Ұлы Витаутус университетін бітіргені туралы қос дипломды қысқа уақыт ішінде алып шығады. Бұл дегеніңіз, үлкен халықаралық жетістіктер! ⠀

- Біз Қостанайда  «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша, Литвада – «Есеп және қаржы» бағдарламасы бойынша оқимыз. Бастапқыда ерекше болды. Ағылшын тілінде білім алу, кейбір бейтаныс терминдердің кездесуі. Сонымен қатар, Литва оқытушыларының көзқарасы басқаша. Егер біз материалды игермесек, әрқашан көмек көрсетуге әзір, ал Литва университетінде түсінбеген немесе жіберіп алғандар сабақты өз бетінше оқып-білуі мүмкіндігі қарастырылған.  ⠀

Қостанайлық студенттер тез бейімделіп қана қоймай, оқу қорытындысы бойынша емтихандарды сәтті тапсырды. Олар бұл жетістіктерін Еуропаның бірнеше елдерінде атап өтті. Римде, Парижде, Миланда, Будапештте, Венецияда, Барселонада, Венада және Амальфиде болды. ⠀

Сіз де әлемді танып, білгіңіз келе ме? ҚӨУ-не оқуға түсіңіз!

Қабылдау комиссиясы