14 қазан күні Erasmus Day іс-шараларының аясында А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері үшін «TEL teachnologies in education - English» тақырыбында викторина ұйымдастырылды. Викторина модераторы - KUTEL халықаралық жобасының зерттеу тобының мүшесі, философия докторы (PhD), педагогика ғылымдарының кандидаты, шетел тілдері кафедрасының доценті Виктория Бежина. Іс -шараны ұйымдастырушылар студенттерді білім алып жатқан мамандық аясында TEL форматындағы жаңа технологияларды қолдану процесіне тартуды мақсат етті.
Ойын www.kahoot.it платформасында өтті. Ойын басталмас бұрын ұйымдастырушылар студенттерді викторина ережесімен таныстырды. Нәтижесінде 3 студент ең жоғары нәтиже көрсетті, 75 пайыздан астам дұрыс жауап берді.