object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-22 14:29:03.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

KUTEL халықаралық жобасы-қолданыста!

KUTEL "Қазақстан университеттері оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, оқыту сапасын қамтамасыз ету процестерін жетілдіру үшін" халықаралық жобасын іске асыру жаңа оқу жылында жалғасуда. Жоспар бойынша 2020 жылдың қазан айында Көкшетау қаласында төртінші жоспарлы семинар өтуі тиіс еді, бірақ Covid-19 жағдайына байланысты аталған семинар он-лайн форматта өткізілді. Осылайша, KUTEL жобасының қазақстандық және еуропалық жоғары оқу орындары консорциумының 4-ші жұмыс жиналысы өтті.

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік  университетінен  жұмыс тобының өкілдері: педагогика ғылымдарының кандидаты, дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Наталья Кифик, шетел тілдері кафедрасының қауымдастырылған профессоры Виктория Данилова, ақпараттық - техникалық бөлімнің бастығы Вероника Гриднева қатысты.

Жиналыста халықаралық жоба бойынша жұмыстың аралық нәтижелері қаралды және жобаны одан әрі іске асыру бойынша негізгі қадамдар белгіленді.

Виртуалды жиналыс барысында келесі мәселелер қаралды:

WP5 бесінші жұмыс пакеті бойынша: басқару және әкімшілік ету жоба бойынша басқару және әкімшілік мәселелер талданды, жоба бойынша жұмыстың келесі кезеңдері белгіленді;

WP2 екінші жұмыс пакеті бойынша: әзірлеу оқыту платформасымен жұмыс істеу бойынша сұрақтарды, тьюторларды оқыту бойынша сұрақтарды егжей-тегжейлі сипаттайды және оқытушыларға арналған курстарды өткізу мәселелерін егжей-тегжейлі қарастырады;

WP3 үшінші жұмыс пакеті бойынша: сапа кепілдігі жобаның келесі кезеңі бойынша барлық қажетті құжаттар мен есептерді дайындау бойынша сұрақтарға жауап берді

WP4 төртінші жұмыс пакеті бойынша: тарату және пайдалану бойынша проблемалық мәселелер анықталды. Бұл мәселені шешу жолдары ұсынылды

Кеңес достық жағдайда өтті, жобаның барлық қатысушылары жоба жұмысы бойынша қажетті ақпарат алды, есептік құжаттаманың нәтижелерімен танысты, сондай-ақ жоба үйлестірушілеріне қызықтырған сұрақтарын қойды.

Қабылдау комиссиясы