Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің базасында «Kazakh Universities to foster quality assurance processes in Technology Enhanced Learning» халықаралық Kutel жобасының аяқталуы бойынша қорытынды кездесу өтті. Бұл кездесуге Италия, Болгария, Грекия және Финляндиядағы шетелдік серіктестер және қазақстандық университеттердің кейбірі он-лайн режимінде қатысты.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті атынан қорытынды кездесуге педагогика ғылымдарының кандидаты, жоба жетекшісі Наталья Кифик қатысты, ол өз сөзінде А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-дегі TEL технологияларын қолданудың негізгі бағыттарына тоқталды. KUTEL жобасының мүшелері PhD докторы Виктория Бежина, тарих ғылымдарының кандидаты Руслан Бекмағамбетов және Вероника Гриднева «TEL Innovations and Quality in Education» халықаралық конференциясына онлайн форматта қатысты.
Конференцияда аккредиттеу стандарттарын жетілдіру мен енгізуге кепілдік беретін технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін енгізу арқылы Қазақстандағы жоғары білімді реформалау және жаңғырту үдерістері, сондай-ақ әдістемелік нұсқаулардың аспектілері, ұлттық деңгейдегі курстар мен оқу бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету рәсімдері талқыланды.
Сонымен қатар, Kutel зертханасының базасында МУИТ командасының мүшелері TEL технологияларын қолдану арқылы бейне дәрістерді жазуды көрсету арқылы демо-сабақ өткізді. Қазақстандық серіктестер әріптестерінің оқу үдерісінде АКТ-ны қолдану бойынша жұмыстарымен танысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ конференцияда жоба нәтижелерін ұлттық, институционалдық және жеке деңгейлерде тарату және пайдалану мәселелері қаралды.
Қорытынды кездесуге қарамастан, халықаралық жоба бойынша жұмыс аяқталмады, бес жыл бойы жоба нәтижелерін ЖОО-ның оқу үдерісіне енгізу үшін тұрақты дамуды қолдау қажет.