object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-03-12 16:45:11.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Қытайға жолдама

Baitursynuly University «Агрономия» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетіне (Қытай) оқуға жол тартты.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Санжар Буканов, Темерлан Мулдатаев және Куаныш Окасов семестр бойы Қытайдың жетекші аграрлық жоғары оқу орындарының бірінде білім алып, ауыл шаруашылығын жүргізудің заманауи технологиялары мен әдістерімен танысады.

Айта кетейік, ҚӨУ мен Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті арасындағы ынтымақтастық қарқынды түрде дамып келеді. Қазіргі уақытта қытайлық жоғары оқу орнында қос диплом бағдарламасы бойынша магистрант Жанерке Кулахметова да білім алуда.

Қабылдау комиссиясы