object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-22 06:22:36.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

КІМ АҚШ-ҚА БАРАДЫ?

FLEX стипендиялық бағдарламасының өкілдері Baitursynuly University-де Қостанай облысының оқушыларына тестілеу өткізді.

Осы аптада финалдық тур аяқталды. Ең мықтылары АҚШ-та оқу мүмкіндігі үшін күресті. Біздің университет бірнеше жылдан бері бағдарламаны жүзеге асыруға көмектесіп, мектеп оқушыларын тестілеуден өткізуге орын беріп келеді.

АСПРЯЛ/АКСЕЛС - Қазақстан Республикасының Үкіметімен халықаралық алмасулар және кадр даярлау саласында, соның ішінде FLEX мәдени-тынығу бағдарламасы бойынша серіктес ұйым.

Стипендиялық бағдарлама - жоғары сынып оқушыларына арналған, АҚШ сенаторы Билл Брэдли негізін қалаған бағдарлама, орта мектептерде алмасуларды қарастырады. Бағдарлама толығымен АҚШ үкіметі тарапынан қаржыландырылады және ҚР Білім министрлігімен қолдау көрсетіледі.

30 жылдық жұмыс барысында бағдарламаның 3000-нан астам қазақстандық оқушылары тегін білім алып, америкалық отбасыларында тұрды.

FLEX бағдарламасының ассистенті Алима Базарбаева атап өтті:

- Бағдарламаның бірегей түлектерінің бірі - Арыстан Молдабеков. Қазіргі уақытта ол Citibank Kazakhstan-да CFO (Chief Financial Officer) лауазымын атқаруда. Ол Kazakhstan Growth Forum-да The Best CFO of the Year атағын алды. Ол осы жылы бағдарламаның 30 жылдығын мерекелеуде болды.

Бағдарлама жоғары сынып оқушылары арасында өте жоғары рейтингке ие және Қазақстан мен АҚШ мектеп оқушылары арасында мәдени байланыстарды орнатуға ықпал етеді.

Қабылдау комиссиясы