object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 07:59:48.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Педагогика, Психология және арнайы білім беру кафедрасының аға оқытушысы Гүлжан Әліпбаева «Арнайы педагогика» ББ 1-3 курс студенттерінің қатысуымен болашақ арнайы білім беру педагогының кәсіби қалыптасу мәселелері бойынша дөңгелек үстелін өткізді. Оған студенттерден басқа «логопед+ сөйлеуді түзету орталығының» жетекшісі Дина Қожанова, мұғалім-логопед, педагог-модератор Манат Пірімбетова, Қостанай қаласының №15 мектебінің педагог-психологы Динара Төлепова, мүгедектігі бар адамдарға арналған Қостанай облыстық оңалту орталығының дефектологы Масайра Тиштыбаева қатысты.

«Дөңгелек үстел» «арнайы педагог» мамандығының қажеттілігін талқылауға арналған ақпараттық алаңға айналды. Кафедра меңгерушісі Роза Қалымжанова өзінің құттықтауында экологияның нашарлығына, қолайсыз тұқым қуалайтын факторларға, түрлі ауыр инфекциялық және созылмалы ауруларға, жаман әдеттерге және басқа да факторларға байланысты дамуында қандай да бір проблемалары бар балалар дүниеге жиі келетіндігін атап өтті. Өкінішке орай, мұндай балалардың саны өсіп келеді, сондықтан қазіргі әлемде дефектолог мамандығы өте өзекті және сұранысқа ие деп атап өтті. Сондай-ақ, ол барлық қатысушыларды 19 қарашада атап өтілетін Халықаралық дефектолог күнімен құттықтады.

Ал Дина Кожанова логопедтің жұмысы туралы және олар түзету-педагогикалық қызметте қандай технологияларды қолданатыны, логопедия саласындағы жаңа жаңалықтар туралы сондай-ақ Дина Қадырханқызы өзінің білімі мен жұмыс тәжірибесіне қарамастан, кәсіби білім деңгейін көтеру және жеке іскерлік қасиеттерін жетілдіру мақсатында үнемі біліктілікті арттыру курстарынан өтетінін айтты.

М. Пірімбетова, Д.Төлепова, М. Тиштыбаева Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институттың түлектері. Өз сөздерінде олар теорияның практикадағы маңыздылығы туралы айтты, өйткені бұл жұмыс сапасына әсер етеді, табысты мұғалім болу үшін үнемі өз бетімен жұмыс істеу және өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі туралы айтты. Облыста мемлекеттік тілде оқытатын дефектолог-мұғалімдер өте аз екенін атап өтті.

Студенттермен кездесу өте қызықты өтті, қонақтар студенттермен белсенді сөйлесті және оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Қабылдау комиссиясы