object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 06:26:32.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ-ҚОС БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ-ӘЗІРЛЕУШІСІ

«Педагогикалық білім беруді жаңғырту» халықаралық жобасы аясында А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ ХАМК фин университеті, ҚР-ның жоғары оқу орындарымен, Назарбаев университетімен бірлесе жаңа білім беру бағдарламаларын  дайындауға қатысты.

Жаңа білім беру бағдарламаларының одан әрі қолданылуын кеңейту және жүзеге асыру мақсатында педагогикалық институтта біліктілікті арттыру курсы өтті, оны жоба тренерлері Елена Ли, Людмила Лиходедова және Роза Қалимжанова өткізді. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 86 оқытушы қатысып, өздерінің біліктіліктерін гибридті-онлайн және офлайн форматта көтере алды.

Финдік білім беру жүйесі Еуропадағы ең үздіктердің бірі болып саналады, онда ҚР-ның 30 инновациялық білім беру бағдарламасына енген озық үрдістер қолданылады. Курстың міндеті –Қазақстан университеттерінде өзгерістерді енгізетін, сонымен қатар инновациялық бағдарламаларды басқа жоба қатысушыларымен бірлесе жүзеге асыруға қабілетті көшбасшыларды дайындау. Жоғары оқу орындарының бірлескен жұмысы педагогикалық білім берудің ұлттық моделін жетілдіруге мүмкіндік береді.

А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ 6В01202- Мектепке дейінгі білім беру (IP) және 6В01302 -Бастауыш білім беру (IP) қос білім беру бағдарламасы бойынша әзірлеуші-көшбасшы болып табылады.

Қабылдау комиссиясы