13-18 маусым аралығында университетте соңғы оқу нәтижелерін бағалаудың заманауи тәсілдерін зерделеу бойынша курстар ұйымдастырылды. Тақырыбы – «Университет жүйесіндегі критериалды бағалау». Курс тренері – Алматы қаласындағы Нұрмүбарак университетінің қашықтықтан оқыту бөлімінің жетекшісі Ермек Меңдібаев. 50 қатысушы, негізінен оқытушылар мен оқу ісі басқармасының әдіскерлері оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға арналған білім беру технологияларының заманауи парадигмасымен танысты.
Критериалды бағалаудың негізгі мақсаты – бағалаудың объективтілігін, сонымен қатар студенттердің оқуға деген қызығушылығын арттыру.