object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-02-27 17:45:05.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

KozQaras: шешуші кадрлар

Baitursynuly University жас кинематографтар мен деректі кинофильм жанкүйерлерін біріктірген IV студенттік «KozQaras» фестивалі басталды!

Бұл іс-шараны ҚӨУ-дің журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы ұйымдастырды. Фестиваль шеберлік сабақпен ашылып, студенттер деректі фильм жасаудың барлық кезеңдерін, яғни идея іздеуден бастап сценарий жазуға дейінгі құнды мәліметтерді меңгерді.

«Наш Костанай» газетінің тілшісі Яна Гарькуша студенттерге шығармашылық шабыт көздерін табу мен авторлық зерттеулерге арналған тақырыптарды қалай іздеу керектігін үйретті. Астана қаласындағы ҚазҰӨУ оқытушысы Айдос Сейтжан деректі фильм сценарийін жазу бойынша бірқатар кеңестерімен бөліссе, режиссер Жанана Курмашева тритментті дұрыс рәсімдеудің қыр-сырын көрсетті. Үшінші курс студенттері осы семестрде «Деректі фильмдер жасау» пәні бойынша алған білімдерін іс жүзінде өз жобаларында қолданатын болады.

Фестивальдің шарықтау шегі - байқау жұмыстарының көрсетілімі. Жеңімпазды көрермендердің дауыс беруі арқылы анықтайды.

Қабылдау комиссиясы