object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 14:43:05.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Корпоративті оқыту курстары басталды

А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де корпоративті оқыту курстары басталды.

Қазіргі қоғамдағы қарқынды өзгерістер білім сапасын арттырудың жаңа өнімді тәсілдерін қажет етеді. Сондықтан, қазіргі кезде білім беруді икемді, үйлесімді ете алатын, білім сапасын арттыруға және жақсартуға бағытталған жаңа педагогикалық технологияларды енгізуге көп көңіл бөлінуде.

Біздің оқытушылар оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын үнемі іздестіруде, нәтижесінде 2017 жылдан бастап университетте инновациялық технологиялар зертханасында жүйелі түрде корпоративті оқыту ұйымдастырылды.

Корпоративті оқыту шеңберінде университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы үшін типтік оқыту бағдарламалары бойынша курстар басталды.

200-ден астам оқытушылар келесі тақырыптар бойынша курстардан өтеді:

- ЖОО-ғы коучингтік технологиялар;

- университет оқытушысының психологиялық тұрақтылығы техникасы;

- қашықтықтан оқытудың инновациялық тәсілі;

- университеттің эдвайзерлері мен кураторларының жұмысына арналған заманауи құралдар.

Корпоративті оқытудың лекторлары - бұл біздің университеттің және Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарының жаңашыл оқытушылары.

Корпоративті оқыту бағдарламаларына интерактивті дәрістер, семинарлар, топтық жұмыс және жобаларды қорғау кіреді.

Корпоративтік оқыту онлайн режимде және бір апта көлемінде өтеді.

Қабылдау комиссиясы