object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-02-20 11:11:07.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Корея, бізді күтіңдер!

Baitursynuly University базасында Сечжон король атындағы институттың бірінші семестрі сәтті аяқталды!

Бүгін 15 апта бойы корей тілін оқып, осы бірегей елдің мәдениетімен танысқан студенттер сертификаттарын алды.

- Университетіміздің басшылығы Костанайда жаңа KIA зауытының салынатынын естігенде, дереу Оңтүстік Кореяда стратегиялық серіктестерді іздей бастады, - деді семестрді аяқтау салтанатында ҚӨУ проректоры Жеңіс ЖАРЛЫҒАСОВ. - Осылайша Dong-Eui университетімен академиялық байланыстар орнаттық және кейінірек өз университетімізде Сечжон королі атындағы институтты аштық.

Курсқа тек ҚӨУ студенттері ғана емес, барлық ниет білдірушілер қатысты. Олардың саны өте көп болды. Сечжон королі атындағы институттың директоры Нагима МАНАСБАЕВА атап өткендей, бастапқыда 150-ден астам адам тіркелді, ал негізінде бар болғаны 70 орын бар еді.

Бүгін сертификат алғандардың арасында ҚӨУ студенттері де бар, олар ақпан айының соңында Кореяға аттанады.

- Мен алдағы семестрде Dong-Eui университетінде академиялық мобильдік бағдарламасы бойынша оқимын, - дейді «Машина жасау» ББ-ның 2 курс студенті Никита ЯРОШЕВИЧ. - Әрине, сәл қобалжып тұрмын, бірақ мен корей тілінің негіздерін меңгергенмін!

Қабылдау комиссиясы