Компания басшысы студенттерді кәсіптік тәжірибеден өтуге шақырды
Жарияланды:
28 Қаңтар 2021
оқу 2 мин
574
Бүгін Экономика және қаржы кафедрасы «KAZNEX INVEST» Ұлттық компаниясы АҚ-ның аймақтық директоры Абылай Молдағұловпен «Экономика» және «Қаржы» білім беру бағдарламаларының 3 курс студенттеріне қызықты және мазмұнды кездесу-семинар ұйымдастырды.
Студенттер назарына компания туралы презентация ұсынылды, онда Абылай Халимханұлы «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы АҚ-ның құрылу тарихын айтып берді және оның шетелдік инвестицияларды тарту арқылы елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету және инвестициялық жобаларды жан-жақты қолдау үшін құрылғанын атап өтті.
Компания басшысы студенттерді кәсіптік тәжірибеден өтуге шақырды және бұл тәжірибе оларға қандай мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті:
Инвестицияларды, инвесторларды тартудың ерекшеліктерін, халықаралық компаниялармен қалай жұмыс жасау керектігін біледі, зерттейді;
Кәсіптің қалай жұмыс істейтінін түсіну;
Мемлекеттік қолдау шаралары туралы білу;
Инвестициялық жобалардың қалай жүзеге асырылатынын, жобаны құрылымдауды түсіну;
Бизнес жоспарлар мен тұжырымдамаларды дайындауды, талдауды үйренеді;
Ағылшын тілін жетілдіру;
Microsoft біліктілігін арттыру
Маркетингті, өндірілген өнім нарығын зерттеп үйрену;
Хаттарды, негіздемелерді, талаптарды дайындау дағдыларын жетілдіру;
Жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, бизнес қауымдастық өкілдерімен тығыз байланыста коммуникативті дағдыларды жетілдіру;
Қаржы моделін, экономикалық есептеулерді талдау тәжірибесі;
Салалық жобалар туралы көбірек білу (жаңартылатын энергия, машина жасау, агроөнеркәсіп кешені, жеңіл өнеркәсіп, цифрландыру және т.б.)
Студенттер мен оқытушылар сұхбаттасу және одан әрі жұмысқа орналасу мәселелері бойынша сұрақтар қойды.