Филология және практикалық лингвистика кафедрасының «Инновация айлығы» аясында «Тіл мәртебесі - ел мәртебесі» атты интеллектуалды-танымдық байқау өткізілді.
Аға оқытушылар Нурсеитова Айшагул Айдарбековна, Испандиярова Айнур Тюлюгеновна, Жумашев Муратбай Дуйсенович, Мукашева Роза Айромбаевна студенттер үшін бірнеше кезеңнен тұратын тапсырмалар дайындады.
Бірінші кезең «Би батлында» қатысушылар залмен өзара әрекеттесуді көрсетуі тиіс болды. Бұл кезең топтық жұмыстан құралды. Екінші кезеңде студенттер «Логика қайда?» атты интеллектуалдық ойынында жарысты. Кейін «Қазақстанның көрікті жерлеріне саяхат» атты ребустар мен жұмбақтарды шешті.
Нәтижесінде келесі топтар марапатталды: «Жалын», «Болашақ», «Самғау», «Қаламгер».
Байқау барысында студенттер тек өз білімдерін ғана емес, сонымен қатар топтық жұмыс жасау дағдыларын көрсетті. Іс-шара мемлекеттік тілдің маңыздылығын айқындап, оны меңгеруге деген қызығушылықты арттырып, тіл мәдениетін дамытуға түрткі болды.