object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-09-12 12:06:22.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Университетте БАСТАЛАТЫН МАНСАП жолы

Baitursynuly University мен Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің серіктестігі аясында «Салық салу саласындағы әкімшілік және құқықтық реттеу» атты жаңа білім беру бағдарламасының алғашқы оқу жылы өз бастауын алды.

Апта ішінде экономика және құқық факультетінің бухгалтерлік есеп және басқару кафедрасының бірінші курс студенттері департаменттің жұмыс барысымен танысып қайтты.

Бейімделу кезеңіне тікелей Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Азамат Қожуков жетекшілік етуде. Ол студенттерге арнаған сөзінде: «Сіздер өте маңызды әрі дұрыс таңдау жасадыңыздар. Біз сіздерді қолдап, тәжірибелік машықтарға кең жол ашамыз», – деп сендірді.

Кафедра меңгерушісі Лилия Байжанова да бағдарлама мән-маңызына тоқталып, жас буынға сәттілік тілеп, университет тарапынан жан-жақты қолдау болатынын айтты.

Жас студенттер департаменттің құрылымдық ерекшелігіне, сондай-ақ алдағы уақытта ашылатын мол мүмкіндіктерге зор қызығушылық танытты.

Бұл танысу олардың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, теорияда алған білімді тәжірибеде қолданудың нақты жолдарын көруге мүмкіндік берді.

Осы тәжірибе салық саласындағы табысты мансапқа бастайтын сенімді қадам болмақ.

Қабылдау комиссиясы