Түсінікті және қызықты ХИМИЯ

ҚӨУ-нің студенттері мектеп оқушыларына арналған химия пәнінен курс әзірледі.

Пайдалы бастаманы оқу ордамыздың педагогикалық институтының жаратылыстану пәндері кафедрасының, «Химия» білім беру бағдарламасының үшінші курс студенттері жүзеге асыруда.

Ангелина Быченко мен Алена Душенко қазірдің өзінде Қостанай қаласындағы №19 мектептің 6-сынып оқушылары үшін «Валеологиялық химия» атты кіріспе курсын әзірлеп, енгізді. Жоба жетекшісі – химия кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ольга Чернявская.

Курс студенттердің химиялық процестер мен адам өмірі арасындағы байланыс, денсаулықты сақтау, экологиялық таза мінез-құлық туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған.

Бағдарламаның мазмұны оқушылардың ғылыми дүниетанымын, өз денсаулығына деген саналы көзқарасын дамытуға, жаратылыстану ғылымдарын оқуға қызығушылықтарын арттыруға ықпал ететін химия және валеологияға қатысты білімдерді біріктіреді, қамтиды.

Оқу процесі аралас форматта құрылған: біздің студенттер сабақтарды қызықты форматта мектепте немесе педагогикалық институттың зертханаларында өткізеді.

Мектеп оқушылары демонстрациялық және зертханалық эксперименттерге қатысады және ҚӨУ-дағы жаратылыстану білімінің инфрақұрылымымен, мүмкіндіктерімен танысады.

Студенттер үшін аталмыш курс - олардың кәсіби дайындығының маңызды бөлігі, оқу материалдарын әзірлеуде, тәжірибеге бағытталған сабақтар өткізуде, топтық жұмысты ұйымдастыруда және оқу процесінде денсаулықты сақтайтын технологияларды қолдануда тәжірибе жинақтайды.

Бұл жоба ҚӨУ мен №19 мектептің, сондай-ақ мектеп оқушыларының, мұғалімдері мен ата-аналарының ынтымақтастығының тиімділігін айқын көрсетеді, оқушыларға ерте кәсіптік бағдар беруге жағдай жасайды және олардың химия пәнін оқуға деген ынтасын арттырады.

Қабылдау комиссиясы