Цифрлық дәуірдегі қазақ тілі

Baitursynuly University филология және практикалық лингвистика кафедрасы «Қазақ тілі және жасанды интеллект: мүмкіндіктері мен даму келешег» атты облыстық семинар ұйымдастырды.

Шараның басты мақсаты – жасанды интеллекттің қазақ тілін цифрлық әлемде дамытудың жаңа жолдарын көрсету. Қазіргі таңда ЖИ тек тіл үйрету немесе ғылыми зерттеулерде ғана емес, сонымен қатар шығармашылық әрі шабыт беретін контент жасауда да белсенді қолданылып келеді.

Семинар жұмысына магистранттар, докторанттар және ҚӨУ оқытушылары қатысты.

Бағдарлама түрлі мазмұндағы тың тақырыптармен толықты:

Баяндамалармен бірге ұсынылған жобалар да жұртшылықтың айрықша ықыласын тудырды.

Әсіресе, Абайдың өнегелі сөздеріне сүйеніп жасанды интеллект құрастырған комикс көпшіліктің назарын бірден аударып, ерекше қызығушылық оятты.

Семинар кезінде жасанды интеллекттің ұлттық тіл қорының дамуына және оны жаңартуға қалай ықпал ете алатыны жан-жақты қаралды. Талқылау барысында қазақ тілін қазіргі буын үшін заман талабына сай, қызықты әрі қолжетімді етіп жеткізу жолдары басты назарда болды.

Қабылдау комиссиясы