object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 18:34:49.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«Камаз» ЖАҚ-ның бас директоры ҚӨУ-де қонақта

2020 жылдың қыркүйегінде сол кездегі Білім және ғылым вице-министрі Мирас Мауленов А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті мен «Камаз» ЖАҚ арасындағы серіктестікті қолдау туралы меморандумға қол қойған болатын.

Кеше «Камаз» ЖАҚ-ның бас директоры Сергей Когогин А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің SMART-орталығында болып, инженерлік-техникалық мамандықтардың студенттерімен кездесті. Кездесу барысында ҚӨУ-нің ректоры Алма Дощанова, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов және «Камаз» ЖАҚ-ның бас директоры Сергей Когогин өзара ынтымақтастық бағыттарын атап өтті.

Қостанайдың индустриалды аймағында «KamLitKZ» ЖШС бірлескен кәсіпорны «КамАЗ» көліктерінің құрамдас бөліктерін шығаратын екі зауыт салып жатқандығын естеріңізге сала кетейік. Осы тұста «Камаз» ҚР-ның Білім және ғылым министрлігімен, атап айтқанда, Қостанай өңірлік университетімен жоғары білікті кадрларды даярлау, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар саласында ынтымақтастық туралы келісімге отырды. Осылайша, университетіміз Қостанай облысының индустриалды аймағы мен машина жасау саласы үшін қарапайым жұмысшыдан PhD докторларына дейін, әртүрлі деңгейдегі мамандарды дайындайтын базаға айналды.

«Біз Қазақстанмен бірлескен жобаларға үлкен үміт артамыз және КАМАЗ техникасының сенімділігі, қуаты мен тиімділігі, сайып келгенде, тұтынушыларымыздың бизнесінің табыстылығы байланысты болатын бірқатар жауапты қызметтерді Қостанайға тапсырамыз», - деп атап өтті Сергей Когогин. Қостанайдағы зауыт мыңға жуық адамды жұмыспен қамтитын болады.

Сонымен қатар, осы келісім аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Индустрия және индустриялық даму министрлігінің қолдауымен университет базасында инжинирингтік орталықтың құрылысы басталады. «Қостанайдағы машина жасау саласының дамуына атсалысу өте маңызды. Бірде-бір жоба білікті мамандарсыз жүзеге аспайды. Мамандар күрделілігі жоғары жабдықпен жұмыс істейтін болады және біз қызметкерлердің кәсіби дайындығына сенімді болуымыз керек. Сондықтан білікті кадр дайындауды А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті қолға алды. Біз өз тарапымыздан қолдау көрсететін боламыз, оқу орны студенттері кәсіби тәжірибені «Камаздың» өнеркәсіптерінде өтетін болады»,-дейді Сергей Когогин.

Айта кету керек, аталмыш ынтымақтастық машинажасау, инженерлік мамандықтардың беделін арттырады, сонымен қатар түлектердің жұмысқа орналасу мәселесін шешеді, яғни барлық тараптар үшін қолайлы.

Қабылдау комиссиясы