object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 06:25:58.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Калининградтан «Журфактар шайқасының» кіші кубогы келді

Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының командасы онлайн-байқауға қатысушылар арасында бірінші орын алғаны үшін «Журфактар шайқасы» халықаралық байқауының кіші кубогын алды. Команда құрамында 4 курс студенттері Дина Нугманова, Иван Харченко, Алина Сейдахметова, Регина Хасанова, 3 курс студенті Эльдар Меербеков және 1 курс студенті Диас Сүлеймен болды.

Естеріңізге сала кетейік, Калининград қаласында Иммануил Кант Балтық Федералды Университетінің базасында 2021 жылдың 19-22 сәуірі аралығында өткен «Журфактар шайқасы» үшінші халықаралық байқауының финалына 10 команда қатысты.

Қорытынды бөлімде аға оқытушы Айнұр Сүлейменованың жетекшілігімен Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының студенттері М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мен Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің журналистер командаларымен кіші кубок үшін онлайн режимде бақ сынасты.

Қарсыластарынан 20 ұпай жоғары көрсеткішпен А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ командасы жеңімпаз атанып қана қоймай, келесі жылға қосымша 5 ұпай алды. Сондай-ақ олар Қазақстаннан «Журфактар шайқасы» шағын кубогының иегері атанған жалғыз команда.

Қабылдау комиссиясы