object(DateTime)#1038 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-01-31 17:03:10.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Жаңа буын заңгерлерін қалай дайындау керек?

Baitursynuly University мемлекет және құқық теориясы кафедрасында «Құқықтық пәндерді оқытудың өзекті әдістері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Белгілі заңгер, педагог, генерал-майор М.Ю. Дауенов атындағы аудиторияда ҚӨУ, ЧелМУ Қостанай қаласындағы филиалының оқытушылары, экономика және құқық факультетінің студенттері мен магистранттары жиналды. Іс-шара модераторы ҚӨУ-дің мемлекет және құқық теориясы кафедрасының меңгерушісі С.М. Шунаева болды.

Жиын барысында инновациялық оқыту тәсілдері талқыланды. ҚӨУ-дің қылмыстық және азаматтық құқық және процесс кафедрасының аға оқытушысы Н.А. Корытникова цифрлық трансформация жағдайында заңгерлерді даярлаудағы заманауи әдістерді енгізу туралы баяндама жасады.

ЧелМУ филиалының профессоры Р.Г. Нурмагамбетов «Кәсіби қызметтің құқықтық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық» курсын оқыту тәжірибесімен бөлісті.

Заң ғылымдарының магистрі А.Е. Тубина құқықтық пәндерді оқытудың заманауи тәсілдері туралы айтып, студенттерді оқытуға арналған арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу жұмыстары жөнінде баяндады.

ЧелМУ филиалының профессоры Б.К. Шнарбаев студент-заңгерлер үшін өзін-өзі дамыту мен білімді үздіксіз жетілдірудің маңыздылығына назар аударды. Ол құқықтық пәндерді зерттеу және заң саласында жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісіп, болашақ мамандарға құнды кеңестер берді.

Ал ЧелМУ филиалының профессоры Ж.С. Атжанова құқықтық пәндерді оқытудың ерекшеліктері туралы айтып, студенттерде қажетті кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Дөңгелек үстел қатысушылары мұндай іс-шаралардың студенттердің кәсіби білім алуына, озық педагогикалық тәжірибемен алмасуға, сондай-ақ оқу орындары арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Қабылдау комиссиясы