Осы сұрақтың жауабын қостанайлық мұғалімдер «Инновациялар панорамасы – 2025» аясында ҚӨУ-де өткен шеберлік сабақта үйренді.
17 сәуір күні ҚӨУ педагогикалық институтының физика, математика және цифрлық технологиялар кафедрасында «Оқушыларды олимпиадаға дайындау» тақырыбында шеберлік сабағы ұйымдастырылды.
Шеберлік сабақты кафедра оқытушылары - Берик Демисенов пен Алибек Алимбаев өткізді.
Шараның басты мақсаты – мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және оқушыларды пәндік олимпиадаларға дайындаудың тиімді әдістемелерімен тәжірибе алмасу.
Шеберлік сабаққа қала мектептерінің ұстаздары мен «6B01501 – Математика» білім беру бағдарламасының түлектері белсене қатысты.
Қатысушылар олимпиадаға дайындықтың заманауи тәсілдерін талқылап қана қоймай, облыстық кезеңнің өткен жылдардағы тапсырмаларын да қызығушылықпен талдап шықты.
Шеберлік сабақ ынтымақтастық пен пікір алмасу атмосферасында өтті. Қатысушылар ұйымдастырушыларға мазмұнды әрі өзекті ақпарат үшін алғыс білдірді. Осындай іс-шаралардың кәсіби даму мен педагогикалық тәжірибе алмасудағы маңыздылығын атап өтті.