Бүгін ҚӨУ-де Қысқы мектеп 2026 жобасы аясында «MOODLE платформасында MOOC (жаппай ашық онлайн курстар) әзірлеуге және орналастыруға қойылатын талаптар» тақырыбында ақпараттық-әдістемелік семинар өтті.
Baitursynuly University цифрлық технологиялар және жасанды интеллект бөлімінің техникалық қамтамасыз ету бойынша әдіскері Наталья Кравченко әріптестерімен бейнедәрістің пайдалылығын арттыру үшін оған қалай дайындалу керектігі туралы практикалық дағдылармен бөлісті.
Наталья Олеговна презентация жасау үлгілерімен таныстырды, телесуфлерге мәтін таңдау, кестелермен және иллюстрациялармен жұмыс істеуді жайында егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
Естеріңізге сала кетейік, біздің университетте екі интерактивті студия жұмыс істейді, онда ҚӨУ оқытушылары үнемі бейнелекцияларын жазып тұрады.
Бүгінгі семинардан кейін бейнедәрістер одан да қызықты болатынына сенімдіміз!

