object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 22:29:31.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Кәсіпорындағы тәжірибе сабақтары

«АКВА-АРАСАН» ЖШС кәсіпорнында «Биотехнология» мамандығының мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы кафедрасының студенттеріне экскурсия және тәжірибелік сабақ өткізілді. Тәжірибелік сабақ практикаға бағытталған оқыту бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі Нұрсәуле Әмірбекова бастаған «Процестер мен аппараттар» оқу курсының аясында өтті.

Арнайы ұйымдастырылған оқу-өндірістік іс-әрекеттегі дифференциалды тәсіл студенттерге танымдық қызығушылық пен ойлаудың белсенділігін, зерттеушілік және шығармашылық типтегі өзіндік пайымдауды дамытуға деген ұмтылысты қамтамасыз етеді.

Сабақ барысында кәсіпорын технологы 5 кезеңді қамтитын «Грушевый», «Лимонад», «Буратино» газдалған сусындар өндірісінің толық технологиялық желісін көрсетті:

  1. шикізатты, ыдыстарды дайындау және зарарсыздандыру;
  2. құю;
  3. этикетировка (таңбалау);
  4. 8 бөтелкеден блоктарға бөліп салу;
  5. қоймаға тасымалдау, поддондарды жинау.

Сонымен қатар студенттер өнімнің сапасын анықтау үшін қажетті талдаулар жасалатын зертхана жұмысымен танысты.

Қабылдау комиссиясы