Ғылым күніне арналған іс-шаралар аясында журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессоры Әсима Ишанованың «Көркем журналистика және постмодернизм дәуіріндегі цифрлық ортаның медиа өнері» тақырыбындағы ашық онлайн-дәрісі өтті.
Дәріс барысында профессор Қазақстандағы көркем журналистиканың ерекшеліктеріне тоқталып, Наталья Андакулова, Валерия Ибраева сынды қазақстандық публицисттермен таныстырды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде өзін жарнамалап жүрген өнер қайраткерлері: Асхат Ахмедьяров, Алмагүл Меңлібаева, Берлин Иришев және Сәуле Сүлейменованың жұмыстары талқыланды. Қазақстанда өнер жан-жақты дамып келеді, бірақ өкінішке орай, көрерменге, өнер сүйер қауымға ақпарат жете бермейді. Өйткені біздің елде кәсіби көркем журналистер жоқтың қасы.
Дәріс соңында Әсима Ишанова студенттерге көркем әдебиетті көбірек оқуға кеңес беріп, қазіргі жастардың өзін-өзі таныту жолындағы ізденісіндегі кең мүмкіндіктерін атап өтті.