«Дене шынықтыру және спорт теориясы мен тәжірибесі» кафедрасының оқытушылары Наталья Кифик, Сергей Волков, Нағашыбай Бекенов «Дене шынықтыруды оқыту мен бағалаудағы жаңа тәсілдер» және «Баскетбол» пәндері бойынша оқыту әдістемесі бойынша кіріктірілген оқу сабақтарын өткізді. Осы оқу сабақтарының барысында студенттер әртүрлі сыныптардағы оқушыларға арналған сабақтарды өз бетінше жоспарлап, өздерінің таңдаған әдіс-тәсілдер мен оқу құралдарын (бірнеше жаттығулар) пайдалана отырып, оларға берілген тапсырмаларды орындады. Студенттер сабақ кезінде тақырыптар бойынша теориялық материалдарды жүйелеп, жалпылап, тиянақтады.
Сонымен қатар білім алушылар теориялық материалдарды тәжірибеде бекітті, нақты жағдайларда жанама көрнекіліктерді қолдану әдістерін, проблемалық оқыту әдістерін, ойын және жарыс әдістерін пысықтады.