Бүгінде әлем қарқынды дамып келе жатқан кезде сапалы білім беру мәселесі өзекті болып отыр. Сапалы білімнің ең үздік әдістері мен формаларын қалыптастыруда, дамытуда жоғарғы оқу орындарының рөлі орасан зор. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасында үштілді білім беру жүйесі бар, яғни студенттер пәндерді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқиды. Солай университеттерде көптілді топтар құрылды. Үштілділікті қолдап, осы бағытты ұстанған жоғарғы оқу орындарының қатарында солтүстік аймақтағы ірі университеттердің бірі А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті де бар.
Біз П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтында сегіз кафедра бар, оның жетеуінде үш тілде дәріс оқылады. Осы институттың ағылшын тілінде сабақ беретін оқытушыларын таныстырып өтсек деген ой келді. Мәселен, құқықтық бағытындағы 3 кафедрада (қылмыстық құқық және іс жүргізу; мемлекет және құқық теориясы; азаматтық құқық және іс жүргізу кафедралары) Абылай Тастанов, Айгүл Алдабергенова, Наталья Корытникова, Гүлнара Хакимова, Диана Батырбекова сияқты оқытушылар ағылшын тілінде сабақ береді.
Сейтқали Төрежанов, Қуаныш Тобылов, Индира Бязитова, Вячеслав Годунов, Айжан Құрманғалиева экономикалық бағытта, яғни есеп және басқару, экономика және қаржы кафедраларында көптілді топтарда сабақ береді.
Әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы пәндерді Денис Качеев (философия кафедрасы) пен Айна Рахматулина (психология кафедрасы) ағылшын тілінде жүргізеді.
Әрине, көптеген білім беру мекемелеріндегідей біздің де студенттер шет тілін оқиды. Бірақ арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқып үйрену – бұл халықаралық деңгейдегі бәсекелестікке керемет мүмкіндік беретін. Біздің студенттер халықаралық конференцияларда баяндамалар мен ғылыми мақалалар оқиды, онда олар алынған дағдылары мен қабілеттерін лайықты қорғайды, жүлдегер атанады. Ал оқытушылар үшін бұл тәжірибе.