А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде «Күміс университет» жобасының тұсаукесері өтті. Бұл қарт адамдарға белсенді ұзақ өмір сүруге көмектесетін әлеуметтік қызметтің инновациялық түрі.
Университеттің негізгі мақсаты - егде жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын және әлеуметтік белсенділігін арттыру, физикалық және психикалық денсаулығын нығайту.
«Күміс университеттің» негізгі міндеттері:
- Үлкен кісілерді заманға сай бейімдеу, өзін-өзі жетілдіруі үшін қолайлы жағдайлар жасау;
- коммуникациялық ортаны қалыптастыру және дамыту;
- шығармашылық қабілетін арттыру және өмірге деген оң көзқарасты сақтап қалу;
- салауатты өмір салтын насихаттау, белсенділік деңгейін арттыру;
- егде жастағы адамдардың коммуникативтік дағдыларының деңгейін арттыру;
- отбасылардағы әлеуметтік-психологиялық шиеленісті азайту;
- егде жастағы адамдарға заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды игеруге көмектесу;
- егде жастағы азаматтардың құқықтық сауаттылығын кеңейту;
- үлкен кісілердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
«Күміс университет» бірнеше бағытта жұмыс істейтін болады. Бұл IT технологиялар, компьютерлік сауаттылыққа оқыту, құқықтық және экономикалық сауаттылық, тілдік курстар, психологиялық денсаулық, медиа курстар, яғни естеліктер жазу курсы, сонымен қатар «Шығармашылық палитра» сәндік-қолданбалы өнер, дәстүр және сабақтық, тағы басқада бағыттар.
Оқыту бағдарламаларын А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ мамандары зейнет жасындағы адамдардың тілектері негізінде дайындады. Аралас оқытуға арналған бағдарламалардың ұзақтығы 18-ден 36 сағатқа дейін. Ол дегеніміз: аптасына 2 рет аудиторияда оқиды және аудиториядан тыс, қашықтықтан оқыту курстары да жоспарланған. Теориялық және практикалық сабақтардан басқа «зейнеткер-студенттер» шеберлік сыныптарына, тренингтерге, пікірталастарға, интерактивті іс-шараларға қатыса алады.
Зейнет жасындағы азаматтар университетке жеке жазбаша өтініші негізінде қабылданады.
Сонымен қатар, университет біліктілігін арттырғысы немесе қайта даярлауды қалайтын қарт адамдардың қалауына сәйкес бағдарламалар әзірлеуге дайын.
«Күміс университетте» «білім алуға» 70 зейнеткер ниет білдірді. Олар бүгін алғашқы қабылдаудың бірінші сабағына қатысты.
Оқуды ойдағыдай аяқтағандар үшін сертификаттар беріледі.