Инженерлік академияның ұйымдастыруымен Baitursynuly University өткен ИнженерTech-2025 шарасында ауыл мектептерінің оқушылары инновациялар мен заманауи технологиялар әлеміне саяхат жасап, пәндік олимпиадада өз білімдерін сынап көрді.
– ИнженерTech-2025 - бұл дәстүрге айналған шара, оны біз демалыс кезінде арнайы ұйымдастырамыз, - деп атап өтті ҚӨУ-дің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Эльмира НАУРЫЗБАЕВА. – Бұл тек білім байқауы ғана емес, сонымен қатар жаңа достар табуға, тәжірибе алмасуға және болашаққа бағыт-бағдар алуға мүмкіндік береді.
Шараға Қарабалық, Сарыкөл, Федоров және Қостанай аудандарынан келген оқушылар қатысты. 7-10 сынып оқушылары үшін шығармашылық, техникалық ойлауды дамытуға бағытталған қызықты байқаулар мен іскерлік ойындар өткізілді.
Ал 11-сынып оқушылары физика, математика және информатика пәндері бойынша олимпиадаларда өз білімдерін дәлелдеді. Жеңімпаздарға ҚӨУ ректоры Сейтбек Қуанышбаев арнайы дипломдар мен құлаққап, дыбыс бағанасы және power bank сынды сыйлықтар табыстады.
Информатика:
Математика:
Физика:
Қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Baitursynuly University қабырғасында сіздерді болашақ студент ретінде күтеміз!